2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр.
1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің берік іргетасы, халқымыздың бірлігінің нышаны және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болды.
Осы отыз жыл ішінде Негізгі Заңымыз өзінің өміршеңдігін де, өзектілігін де дәлелдеп, елді демократия, бейбітшілік пен келісім жолымен дамытуға бағыттап келеді.
Осы мерейлі күні баршаңызға амандық, береке-бірлік, өркендеу және ертеңгі күнге нық сенім тілеймін.
Конституциямыз әрдайым жасампаз еңбекке, қоғамдағы үйлесімге және Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуға сенімді тірек бола берсін!
