Виртуалды қабылдау

📚 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау


🖥 Онлайн сұрау | Автоматтандырылған қызмет


⚠️ Назар аударыңыз!

  • Бір талапкер тек бір өтінім бере алады.

  • Өтінімде 4 колледжге дейін, әрқайсысына 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігі бар.

  • Құжаттардың жалпы көлемі 5 МБ-тан аспауы тиіс.


📆 Өтініштерді қабылдау мерзімі:

1) Білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша:

  • 25 маусым – 25 тамыз аралығы
    (күндізгі оқу нысанына)

  • 25 маусым – 20 қыркүйек аралығы
    (кешкі оқу нысанына)


2) Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау бойынша:

Категория Құжат қабылдау мерзімі
Негізгі орта білім базасында (мемлекеттік тапсырыс бойынша) 25 маусым – 18 тамыз
Жалпы орта/техникалық/орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусым – 20 тамыз
Ақылы негізде оқуға 25 маусым – 25 тамыз
Кешкі және сырттай оқу нысандарына 25 маусым – 20 қыркүйек
Шығармашылық мамандықтар бойынша 25 маусым – 20 шілде
Педагогикалық мамандықтар бойынша 25 маусым – 15 тамыз

📎 Маңызды ескерту:

Құрметті пайдаланушы!
Егер АХАЖ АЖ жүйесінде туу туралы актілік жазбаңыз болмаса, мәліметтерді өзектендіру қажет.
👉 Ол үшін арнайы сервисті пайдаланып, өзектендіруден өткен соң қызметке қайта тапсырыс беруіңіз қажет.


📝 Қызметті онлайн алу тәртібі:

  1. EGOV порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. “Онлайн сұрау” батырмасын басыңыз.

  3. Өтінімді толтырып, ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы қол қойыңыз
    (мобильдік азаматтар базасында тіркелу міндетті).

  4. Жеке кабинеттегі “Қызметтерді алу тарихы” бөлімінен өтініміңіздің өңделу нәтижесін қадағалаңыз.