Әріптестеріміз – Информатика пәнінің оқытушысы Хатенова Майрагул Мукарамовна мен Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Аралбекова Айгул Айжарыковнаны «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды!
Бұл жеңіс – олардың қажырлы еңбегінің, кәсібилігінің және өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш!
Алда – республикалық кезең! Әріптестерімізге зор табыс, сәттілік және тағы да биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!





