Колледжде студенттермен тәрбие жұмысына арналған бөлімнің отырысы өтті. Отырыс барысында білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын, патриотизмін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы жүйелі тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.. Студенттер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, сондай-ақ мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Отырыс барысында жұмыс жоспарларының жобалары ұсынылып, проблемалық мәселелер айқындалды. Тәрбие жұмысы топ кураторларымен, студенттердің ата-аналарымен, қоғамдық ұйымдармен және әлеуметтік әріптестермен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс екені баса айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша іс-шараларды жандандыру жөнінде шешімдер қабылданды. Бұл отырыс студент тұлғасын жан-жақты дамытуға бағытталған жаңа формалар мен әдістерді іздеуде, пікір алмасуда маңызды алаңға айналды.



