2025 жылғы 8 қыркүйекте колледждің акт залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының онлайн-трансляциясына оқытушылар мен студенттердің қатысуы өтті.
Трансляция барысында қатысушылар Жолдаудың негізгі бастамаларымен танысты:
• Қазақстан экономикасын ауқымды цифрландыру;
• Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру;
• Инновациялар мен инвестицияларды қолдау;
• Энергетика саласын, ауыл шаруашылығын және инфрақұрылымды дамыту;
• Экология мен тұрақты дамуға көңіл бөлу.
Жастардың болашағы үшін цифрлық трансформацияның маңыздылығы, сондай-ақ ІТ, энергетика және аграрлық ғылым салаларында мамандардың сұранысқа ие болуы ерекше аталып өтті.
Колледж директоры, т.ғ.д., профессор И.И.Джанзаковтың бастауымен колледж ұжымының онлайн-трансляцияға қатысуы студенттердің азаматтық ұстанымы мен патриотизмін қалыптастыруға ықпал еткен ақпараттық әрі тәрбиелік шара болды.






