О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінде оқу топтарында Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған тәрбиелік сағаттар өтті. Негізгі мақсаты – студенттерді Жолдауда айқындалған басты бағыттар мен бастамалармен таныстыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастардың мемлекеттің дамуына қатысуының маңыздылығын түсіндіру. Кураторлар экономика, білім беру, цифрландыру, жастарды қолдау және патриоттық тәрбие саласындағы стратегиялық міндеттерге жан-жақты тоқталды. Талқылау барысында студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, ел дамуына жеке үлестерін қалай қоса алатынын жөнінде идеялар ұсынды.
Тәрбиелік сағаттарды өткізу патриотизмді нығайтуға, студенттердің Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыруға және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.







