Колледжде студенттермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі Қанатбек Олжабекұлымен кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында патриоттық рухты, құқықтық мәдениетті және мемлекет алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру болды. Кездесу барысында спикер Мемлекеттік күзет қызметінің негізгі міндеттері мен рөлі туралы, болашақ қызметкерлерге қойылатын талаптар және Отанға адал қызмет етудің маңызы жөнінде жан-жақты баяндады. Сондай-ақ әскери тәртіп, азаматтық ұстаным және жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Студенттер белсенділік танытып, әскери қызметтен өту, кәсіби даярлық пен мемлекеттік құрылымдардағы мансаптық мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойды. Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың борыш сезімін, заңға құрметін арттырып, елдің дамуы мен қауіпсіздігіне өз үлесін қосуға деген дайындықты қалыптастырады.




