23 қыркүйек күні колледж психологтары Қуанова Айнұр Оразғалиқызы мен Қалыбаева Гүлсезім Қалыбаевна «Жас мамандар бас қосуы» (тимбилдинг) атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың жаңа орта мен ұжымға бейімделуіне қолдау көрсету, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты нығайту, серіктестік пен сенім атмосферасын қалыптастыру болды. 🌿
Бұл күн креативті тәсілдерімен, сенім мен жылулыққа толы атмосферасымен есте қалды 🤝 Жас мамандар түрлі қызықты жаттығуларды орындап, командада жұмыс істеуді, ортақ тіл табысуды және бір-бірін қолдауды үйренді. 📌 Мұндай кездесулер тек ұжымды біріктіріп қана қоймай, мотивация сыйлап, әрбір маманның өзін біртұтас команданың бөлшегі ретінде сезінуіне және жаңа кәсіби биіктерге сеніммен қадам басуына ықпал етеді.
- 24 Қыр
- 2025
