2025 жылғы 22 қыркүйекте Ұстаздар мерекесі қарсаңында жас мамандар арасындағы зияткерлік сайыс – «Білімділер Quiz-i» атты командалық жарыста О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Досалы Айгерім Танатарқызы ІІ орынға ие болды.
Байқаудың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, жасанды интеллект пен білім берудегі инновациялық үрдістерді насихаттау, сондай-ақ ұстаздардың білімін кеңейту. Сайысқа облысқа қарасты қала мен 7 ауданнан келген ұстаздар қатысты. Барлығы 11 команда бақ сынап, өзара білім бәсекесіне түсті.
Жас маманға алдағы уақытта да шығармашылық жетістіктер тілейміз!
- 24 Қыр
- 2025
