2025 жылғы 19 қыркүйекте Атырау облысы Білім беру басқармасы, Әдістемелік орталығы және О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Өсімдік шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша «Агрокөшбасшы-2025» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – аграрлық салаға бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, заманауи агротехнологияларды меңгеру.
Іс-шара аясында:
• Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары арасында меморандумға қол қойылды;
• Теориялық бөлімде тест, жаңа технологиялар мен бизнес-жобалар таныстырылды;
• Практикалық кезең Талқайран ауылындағы «Аяулым» ШҚ базасында өткізіліп, қатысушылар өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетті.
Жеңімпаздар:
🥇 I орын– Саттар Нұржанар Саттарқызы, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі;
🥈 II орын – Ділмұқашова Тлекши Саматқызы, Индер көпсалалы ауыл шаруашылық колледжі;
🥉 III орын – Кисметоллаев Келдібек Саламатұлы, Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі;
🏅 Алғыс хат – Есентұрлиева Жанаргүл Нұрмұханқызы, Қызылқоға аграрлық-техникалық колледжі.
Бұл байқау аграрлық мамандықтарды насихаттап қана қоймай, ұстаздар мен шеберлердің кәсіби әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Президент Жолдауында айқындалған аграрлық секторды дамыту міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосты.
