Колледжде қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және жастардың табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасын тәрбиелеуге бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Студенттер мен оқытушылар аумақты тазалау, аулаға көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық орындарды абаттандыру ісіне белсене қатысты. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, еліміздің болашағына деген жауапкершілікті арттыруға және баршаны ортақ игі іске жұмылдыруға ықпал етеді. Акция Отанымыздың тазалығы мен әсемдігі әрқайсымызға байланысты екенін айқын көрсетті
- 24 Қыр
- 2025
