16 қыркүйек күні колледждің конференц-залында «Елдің бірлігі – мемлекеттің тірегі» тақырыбына арналған студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға дінтанушы, теолог Жарқынбаев Нұрлан Дүйсебекұлы, «Новруз» азербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Ахмедов Эльдар Мамед-оглы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Жаулин Ербол Еділұлы қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген мақтаныш сезімін, Қазақстан халқының тарихы мен дәстүріне деген құрметті қалыптастыру болды.
Спикерлер халық бірлігі – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің басты факторы екенін атап өтті. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұнда әртүрлі этнос өкілдері өз дәстүрлерін сақтай отырып, өзара құрмет пен келісімде өмір сүріп келеді. Тарихи оқиғалардан мысалдар келтіріліп, халықтың ынтымағы ғана қиындықтарға қарсы тұруға және алға сенімді қадам басуға мүмкіндік беретіні айтылды. Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, достық пен өзара түсіністіктің маңызы жайында пікір білдірді, мемлекеттілікті нығайтудағы жастардың рөлі туралы ой бөлісті.
Іс-шара тағы да бір рет халық бірлігі, келісім мен өзара құрмет – мықты әрі берік мемлекеттің негізі екенін дәлелдеді.



