Отбасылық құндылықтарды дәріптеу дәстүріне сәйкес 12 қыркүйек күні колледжде «Отбасы күні» іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – отбасына деген құрметті тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ұлттық дәстүрлерді сақтау.
Іс-шараға отбасылық жұптар Корганбаев Нурлан Темиржанович, темір жол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы мен Қабдолова Гүлсара Тулегенқызы, арнайы пән оқытушысы, теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары Сабиргалиев Естай Максуткулович мен Сатимова Нагима Сандибековна, Қонысбаев Ғизат Самалбекұлы, Автоматтандыру және басқару пәнінің оқытушысы мен Шапағатова Арай Шапағатқызы, колледж медбикесі, қатысты.
Мереке аясында түрлі сұхбат, пікір алмасу, ойын мен жаттығулар ұйымдастырылды. Шығып сөйлегендер отбасының, қоғамның негізі әрі жеке тұлғаның рухани және мәдени дамуының басты шарты екенін атап өтті. Қатысушылар отбасылық дәстүрлер туралы білімдерін көрсетіп, жастық шақтағы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа тәлімді кеңестер берді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Колледжде Отбасы күнін өткізу – рухани құндылықтарды нығайтуға, патриотизмді дамытуға және өз бастауына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал еткен маңызды оқиға болды.



