2025 жылдың 10 қыркүйек күні колледжімізде биылғы оқу жылында қабылданған оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинардың басты тақырыбы – оқытушыларда болуы тиіс құжаттар мен оларды дұрыс, талапқа сай толтыру жолдары.
🔹 Семинарды ұйымдастырушылар:
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.С.Искалиева
Колледж әдіскері А.Д.Сқақова.
Оқу үдерісінің сапасын арттыруда құжаттардың жүйелі әрі сауатты жүргізілуі үлкен рөл атқарады. Осыны ескере отырып, семинар барысында оқытушыларға қажетті құжаттар түрлері талқыланды. Атап айтқанда:
✅ Жұмыс-оқу жоспары
✅ Модуль бойынша жұмыс-оқу бағдарламасы
✅ Сабақ жоспарлары
✅ Журналдарды толтыру тәртібі
✅ Кабинет жоспары
✅ Оқытушының жеке шығармашылық жұмыс жоспары
Семинар барысында қатысушылар нақты мысалдар арқылы қателіктерді болдырмау жолдарын талдап, әдістемелік кеңестер алды. Сонымен қатар, педагогтер өзара тәжірибе алмасып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.
🔍 А.С.Искалиева мен А.Д.Сқақова семинар барысында нормативтік құжаттарға сүйене отырып, әрбір оқытушының кәсіби жауапкершілігін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Бұл шара – тек құжаттарды рәсімдеу ғана емес, сапалы оқу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жас мамандар үшін бұл семинар тәжірибе мен білімді жетілдіруге мол мүмкіндік болды.


