10 қыркүйек күні акт залында теологтардың колледж студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен құндылықтық бағдарларын қалыптастыру мәселелеріне арналды. Кездесуге облыстық АТТ мүшелері: “Азаматтық бастамаларды қолдау ортылығы” ҚҚ директоры Ербол Жаулин, теолог Думан Күмісбек, “Жәрдем-Атырау” КҚ маманы Самал Шалабаева, Қуаныш Адилдиев қатысты.
Теологтар адамның өміріндегі рухани және моральдық қағидалардың маңызы туралы айтып, дәстүрді құрметтеудің, ұлттық мәдениетті сақтаудың және азаматтық жауапкершілікті нығайтудың қажеттілігін ерекше атап өтті. Жас ұрпақтың қоғам бірлігін нығайтудағы, келеңсіз құбылыстардың алдын алудағы және салауатты дүниетанымды қалыптастырудағы рөліне ерекше көңіл бөлінді. Кездесу соңында қатысушылар осындай іс-шаралар рухани дамуға ықпал етіп, патриоттық сезімді күшейтетінін және студенттердің қоғам мен ел болашағы алдындағы жауапкершілігін тереңірек түсінуіне көмектесетінін атап өтті.




