Қыркүйектің 5- жұлдызы күні Атырау аграрлы-техникалық колледжінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.К.Нугмарованың ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай, мемлекеттік тіл қазақ тілінің маңызын түсіндіру, студенттердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолымен, ағартушылық еңбегімен таныстыру мақсатында “Тілі бірдің – жүрегі бір” атты тәрбиелік пәндік шара өтті. Атаулы шараға өзге ұлт өкілдері үш тілде көркем сөз оқып, өз лебіздерін білдірді. 1вет1 оқу тобы студенттері би, ән орындап, 1бух1оқу тобы студенттері Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін жатқа орындады. 1ау1 оқу тобы студенті Туленгенов Айдынбек күй тартып өнерлерін көрсетті. Шара барысында «Жас қаламгерлер» үйірме мүшелері Ахмет Байтұрсынов еңбектеріне тоқталды. Тіл туралы бейнебаян көрсетіліп, мақал-мәтел сайысы жүргізілді. Колледж кітапхана қызметкерлері А.М.Бекбаулова мен С.Қ.Қуантаева кітап көрмесімен таныстырды. Кеш соңы «Атамекен» әнмен аяқталды.







