5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде 1-ші курс студенттерімен
«Тіл – асыл қазына» тақырыбында диктант жүргізілді. Бұл шараның мақсаты – ана тіліміздің қадірін ұғындырып, жастардың тіл мәдениетін көтеріп, сауаттылығын арттыру.




