5 тамыз күні колледждің конференц-залында тәрбие бөлімі, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының әкімшілігі колледждің оқытушылары мен қызметкерлерімен «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шара Халықаралық суицидтің алдын алу күніне орай ұйымдастырылды. Семинарға Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс психологы В.Е.Қарсакбаева және Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А.Сейіт қатысты.
Шараның мақсаты – педагогтардың тәуекел факторлары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, ойын түрінде жасөспірімдер ортасында дағдарыстық жағдайлардың алдын алу жүйесін қалыптастыру.
Айтылғандай, профилактикалық жұмыс жүйелі әрі кешенді сипатта болуы тиіс. Маңызды бағыттардың бірі – студенттік ортада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, білім алушылардың күйзеліске төзімділігін дамыту, сондай-ақ ата-аналарды педагогтармен және мамандармен белсенді қарым-қатынасқа тарту болып табылады.







