2025 жылғы 4 қыркүйек күні колледжімізде биылғы оқу жылында қызметке қабылданған жаңа мамандармен арнайы әдістемелік отырыс өткізілді. Кездесуде колледждің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.С.Искалиева мен әдіскер А.Д.Сқақова жас мамандармен танысып, олардың кәсіби бейімделуіне бағыт-бағдар берді.
Әдістемелік отырыс барысында: оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдары, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы, жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету бағыттары сөз болды.
Жаңа оқу жылында ұстаздық жолын бастаған әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз! Білім беру сапасын арттыруда олардың ізденісі мен жаңашылдығы колледжіміздің абыройын биіктете түсетініне сенімдіміз.
- 05 Қыр
- 2025
