О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы тәжірибесі мол бірден-бір техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны.

О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі – бірінші болып институционалды аккредитациядан өткен және 23 мамандықтар мен біліктіліктер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын Атырау облысындағы аграрлық бағыттағы техникалық және кәсіптік білім беру орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі – аграрлық сала бойынша НКАОКО рейтингісі бойынша көшбасшы болып саналатын оқу орны. Біздің колледж ISO 9001:2016 халықаралық стандарттар талаптарына сай сапа менеджменті жүйесіне (СМЖ) сәйкес халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.

Колледж орта буынның білікті мамандарын даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, рухани-тәрбиелік, инновациялық жаңалықтарды енгізуге бағытталған оқу орны.


Бүгінгі таңда О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі – сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және тәрбие ордасы.

📚 Колледж құрамында:

  • 3 бөлім

  • 10 ЦӘК

  • Технопарк

  • 100-ден астам оқытушы

  • 2000-нан астам студент білім алуда

🤝 Біз тәжірибе жүргізу, білімгерлермен алмасу және заманауи білім бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында облысымыздың 3 жоғары оқу орнымен және 70-тен астам кәсіпорынмен ынтымақтастық орнаттық.


Біз Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызға нық сеніммен айта аламыз. Себебі, біздің түлектеріміздің көпшілігі – Қазақстан қоғамының элитасын құрап, еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді. Бұл – біздің маңызды жетістігіміз! Біз онымен мақтанамыз және болашаққа сеніммен қараймыз!


🎓 Сіздерді колледжге шақырамыз!
О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжіне қош келдіңіздер!