Шет тілі пәнінен ашық сабақ өткізді

17 наурыз күні 1 ЦТ1 тобында Аралбекова Айгүл Айжарыққызы шет тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Оқытушы заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде Edpuzzle, Bamboozle, Heyzine, Blooket, Genially платформалары мен VR/AR технологияларын тиімді пайдаланды.

Интерактивті тапсырмалар студенттердің белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Бұл тәжірибе ұжымдық жұмыстың және жаңа технологиялардың білім берудегі маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.